СІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУ – БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

  1. TATA COMMUNICATIONS ЖӘНЕ СІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫҢЫЗ
  2. БІЗБЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСУҒА БОЛАДЫ
  3. СІЗ ТУРАЛЫ БІЗ ЖИНАЙТЫН АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАЙМЫЗ
  4. БІЗ ЖИНАЙТЫН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ?
  5. БҰЛ ҚОЛДАНЫСТЫҢ ДӘЙЕГІ НЕ?
  6. СІЗ ТУРАЛЫ ЖИНАЙТЫН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ БІЗ ҚАШАН БӨЛІСЕМІЗ
  7. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ
  8. ӨЗІМНІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІМ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫМ БАР?
  9. СІЗ МЕНІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІМДІ ҚАНША УАҚЫТ САҚТАЙСЫЗ
  10. ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
  11. ОСЫ САЯСАТҚА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

Tata Communications сіздің құпиялылығыңызды құрметтейді және сіздің жеке деректеріңіздің тиісінше қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Біз жеке деректердің қорғанысына, қауіпсіздігіне және құпиялылығына қатысты барлық қолданыстағы заңды сақтауға ұмтыламыз. Бұл Құпиялылық саясатында («Саясат») біз жеке деректерді жинау, қолдану, жариялау және қорғау  тәсілдеріміз туралы сипаттаймыз. Сондай-ақ, бізде сақталатын жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңызды сипаттаймыз. Саясат сіздің Jaguar Land Rover («JLR») көлігіңіздегі Wi-Fi хот-спотын, көлік байланысын және/немесе (e)SIM қызметтерін («Қызметтер») қолдануыңыз арқылы өңдеуіміз мүмкін болған жеке деректеріңізге қатысты.

Бұл Саясат көп деңгейлі пішінде қамтамасыз етіледі, сондықтан ең көп қызығушылық танытқаныңызға төменде берілген арнайы аймақтар арқылы өте аласыз.

  1. TATA COMMUNICATIONS ЖӘНЕ СІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫҢЫЗ
    1. Сіздің құпиялылығыңызды қорғау біз үшін маңызды және оған жоғары жауапкершілікпен қараймыз
    2. Біз кімбіз? Tata Communications (Netherlands) B.V. — Қызметтердің басқарушысы және жауапты тұлғасы. Бұл Саясаттағы «біз», «біздің», «бізге» немесе «бізді» сөздері сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге, жинауға және сақтауға жауапты болған осы компанияны білдіреді.
    3. Жеке деректерді өңдеу тәжірибелеріміз туралы қосымша ақпарат сіздің жеке деректеріңізді жинауға дейін немесе жинау барысында сізге  келісімшарттарда, қосымша құпиялылық саясаттарында немесе ескертпелерінде қамтамасыз етілуі мүмкін.
    4. Біздің Қызметтерімізді пайдалануыңыз және құпиялылық бойынша орын алатын кез келген дау осы Саясат, Қызмет көрсету шарттары (осы Саясатқа сілтеме арқылы енгізілген) және сіз бен біздің арамыздағы не біздің Қызметтерімізге қолжетімділікті қамтамасыз ететін қандай да бір тұлға мен сіздің араңыздағы қызмет көрсету жөніндегі кез келген жазбаша келісімшарт арқылы реттеледі.
  2. БІЗБЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСУҒА БОЛАДЫ
  3. Осы Саясат немесе деректерді қорғау жөніндегі тәжірибелеріміз туралы қандай да бір сұрағыңыз болса немесе қолданыстағы заң бойынша жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңызды пайдаланғыңыз келсе, мұнда.

    қолжетімді өзіне-өзі қызмет көрсету порталын қолдануыңызға болады. Кез келген сұрақтарыңыз бойынша хабарласуға болатын пошталық мекенжайымыз:

    Tata Communications (UK) Limited Заңдардың сақталуы – Деректерді қорғау және Құпиялылық
    Vintners Place
      68 Upper Thames Street
    London, EC4V3BJ
    Құрама Корольдік

    Германия, Сингапур және Үндістан үшін мұнда қолжетімді Деректерді қорғау жөніндегі қызметкеріміздің («DPO») байланыс нысанын қолдану арқылы Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізбен байланысуыңызға болады.

  4. СІЗ ТУРАЛЫ БІЗ ЖИНАЙТЫН АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАЙМЫЗ
    1. Біздің Қызметтерімізді қолдануыңыздың негізінде біз JLR компаниясынан әртүрлі жеке деректерді алуымыз мүмкін. Төменде біздің жинауымыз немесе алуымыз мүмкін болған ақпарат санаттарына шолу жасалған:
      1. Тіркелгі туралы ақпарат:
        1. Сізбен хабарласуымызға мүмкіндік беретін байланыс ақпараты. Бұл ақпаратты сіз біздің Қызметтерімізге тапсырыс бергенде немесе оған тіркелгенде аламыз. Сіз біздің Қызметтерімізге жазылғанда, онлайн тіркелгі жасағанда, қандай да бір нәрсені сатып алғанда, мәлімет беруді немесе кері қоңырау шалуды сұрағанда, техникалық қолдау алуға, тұтынушыға қолдау көрсету немесе шот ұсыну бойынша қолдау көрсетуге сұрау жібергенде, қандай да бір жарысқа немесе сауалнамаға қатысқанда, бізге өз пікіріңізді жібергенде немесе басқалай бізбен байланысқанда біз сізден ақпарат жинаймыз немесе аламыз. Біз жинайтын ақпараттың түрі бізбен немесе JLR компаниясымен өзара қатынасуыңызға тәуелді, бірақ ол сіздің атыңызды, мекенжайыңызды, телефоныңыздың нөмірін (іскери немесе жеке), электрондық поштаңыздың мекенжайын, пошта/шот ұсыну мекенжайын (іскери немесе тұрғылықты), туған күніңізді, құрылғының/көліктің сәйкестендіру нөмірін, қызмет көрсетуді бастау күнін және жеке тұлғаңыздың не тұрғылықты мекенжайыңыздың куәлігі сияқты өзге тиісті ақпаратты қамтуы мүмкін. Сіздің мұндай деректерді қамтамасыз етуіңіз сізбен келісімшарт жасауымыз үшін міндетті болып табылады.
        2. Сізге қамтамасыз ететін қызметтеріміз, қоңырау шалу және мәтіндік хабарлама жіберу үшін өзіңіз қолданған телефон нөмірлері, интернет қолданысыңыз, уақыт белгілері немесе біздің қызметімізді қолдануыңызға қатысты өзге метадеректер, төлем тарихыңыз, несие тарихыңыз, несие карталарыңыздың нөмірлері, әлеуметтік сақтандыру нөміріңіз (заңға сәйкес рұқсат етілетін жағдайда), қорғаныс кодтарыңыз және қызмет тарихыңыз сияқты коммерциялық және қаржылық қарым-қатынасыңызға қатысты шот ұсыну ақпараты.
      2. Сізге қамтамасыз ететін Қызметтерімізге қатысты техникалық және қолданыс ақпараты, соның ішінде біздің Қызметтерімізді қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат. Кейбір мысалдар келесілерді қамтиды:
        1. Жабдық туралы деректер: Қолдануыңыз немесе өзара әрекеттесуіңіз мүмкін болған желілеріміздегі жабдыққа қатысты болған және оны анықтайтын ақпарат. Ақпарат жабдық түрі, құрылғы идентификаторлары, құрылғы күйі, сериялық нөмірлері, параметрлері, конфигурациясы және бағдарламалық жасақтама түрі сияқты деректерді қамтуы мүмкін.
        2. Желі өнімділігі және қолданысы: Біздің желілерімізде сіз пайдаланатын жабдықтың, қызметтердің және қолданбалардың жұмысы туралы ақпарат. Мұның мысалдары апаттық жағдайда немесе шұғыл көмек үшін қоңырау соққан және соғылған жерлердегі сымсыз құрылғы орнын (роуминг мақсаттарында) және түрін, сондай-ақ, қоңырау соғу күнін, уақытын, ұзақтығын және құнын, қолданылған дауыстық минуттарды, қоңырау жазбаларын, қолданылған жолақ енін қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, деректерді тасымалдау жылдамдықтары мен кешігу уақыттары, қашықтан бақылау қызметтеріне қатысты деректер және қауіпсіздік сипаттары сияқты ақпаратты және біздің өзара байланысқан IP-телефония (VoIP) қызметтерін (соның ішінде офлайн режимде сатып алған қызметтерді) қолдануыңыз туралы ақпаратты жинаймыз.
    2. Сізге немесе біздің Қызметтерімізге қатынасуыңызға мүмкіндік беретін басқа біреуге Қызметтерді қамтамасыз ету барысында жоғарыдағы жеке деректерді жинауымыз мүмкін. Бұл ақпаратты бірнеше жолмен алуымыз мүмкін, мысалы:
      1. тікелей сізден: мысалы, біздің Қызметтерімізге жазылу мақсатында өзіңіздің мәліметтеріңізді қамтамасыз еткен кезде немесе техникалық сұрау үшін бізбен байланысқанда.
      2. автоматты түрде: жеке деректер біздің Қызметтерімізді қолдануыңыз арқылы жиналған кезде.
      3. үшінші тараптық ресурстардан: кейде біз сізге қамтамасыз ететін немесе сізге қамтамасыз етуді ұсынатын Қызметтеріміз бойынша,  орынды болған жағдайларда және негізді дәйектеріміз болған шамада сенімді үшінші тараптардан сіз туралы жеке деректердің жоғарыдағы санаттарын жинаймыз. Бұлар, сіздің көлік өндіруішіңіз ретінде JLR компаниясын, KYC («өз клиентіңді біл»)/алаяқтықтың алдын алу жөніндегі агенттіктерді, бизнес анықтамаларын, несие тексерісі мен KYC («өз клиентіңді біл») сілтемесі/сәйкестікті тексеру агенттіктерін және жалғанған желі провайдерлерін қамтиды.
  5. БІЗ ЖИНАЙТЫН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ?
    1. Төменде жеке деректерді қалай өңдейтініміздің кейбір жолдары көрсетілген:
      1. Қызметтерге қатынасуыңызға мүмкіндік беру: Қолданбаңызды басқарып, Қызметтерге қатынасу құқығыңызды анықтаңыз. Бұлар заңсыз әрекеттер, KYC («өз клиентіңді біл»)/алаяқтықтың алдын алу, біздің жеке меншігімізге төнген қауіптер және Қызмет көрсету жөніндегі Шарттарымыздың және/немесе қолданыстағы заңның бұзылуы бойынша, сондай-ақ, құқықтық және нормативтік міндеттемелерімізді жүзеге асыру үшін іс-шара қабылдауды қамтиды.
      2. Сізге сұралған Қызметтерді қамтамасыз ету: Бұл сізбен хабарласуды және сізге сұралған Қызметтерді қамтамасыз етуді қамтиды.
      3. Тіркелгілерді басқару және тіркелгіңізді басқаруыңызға көмектесу: Бұл біздің Қызметтерімізді пайдалануыңыз бойынша сізбен хабарласуды, сіздің сұрауларыңызға жауап беруді, өзіңіз сұраған ақпаратты сізге қамтамасыз етуді, техникалық қолдау көрсету билеттерін қарастыруды және тұтынушыларға қолдау көрсетуді қамтиды.
      4. Төлемдерді өңдеу және шот жіберу: Төлемдерді алу және өңдеу, бұл алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-шара қабылдауды және құқықтық және нормативтік міндеттемелеріміздің орындалуын қамтиды.
      5. Желіміздің біртұтастығын қорғау: Қауіпсіздікті сақтау, сіздің жеке деректеріңізді жоғалудан, зақымданудан, ұрланудан немесе басқа біреудің рұқсатсыз пайдалануынан қорғау, қылмыс пен алаяқтықтың алдын алу, құқық бұзушыларын жауапкершілікке тарту және ұлттық қауіпсіздікті қорғау.
      6. Желімізді басқару: Желімізді және сіздің желімізді пайдалануыңызды басқару. Бұл сізге қолжетімді болған Қызметтің ең жақсы сапасын қамтамасыз ету мақсатында желімізден өтетін деректердің ағымын басқаруды қамтиды.
      7. Қызметтерімізді зерттеу және жетілдіру жұмыстары: Қызметтер қолданысы туралы статистиканың көмегімен Қызметтерімізді (және үшінші тараптық серіктестеріміздің қызметтерін) жақсарту және жаңаларын әзірлеу.
      8. Маркетингке қатысты іс-шаралар: Егер бас тартқан болмасаңыз, сізге Қызметтеріміз туралы ақпарат жіберу. Егер мұндай іс-шаралар үшін сіздің келісіміңізді алуымыз қажет болса, осы Саясатта көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша бізбен байланысу арқылы кез келген уақытта мұндай келісіміңізді қайтарып алуға құқығыңыз бар.
      9. Заң талаптарын сақтау: Қолданыстағы заңға сәйкес талап етілген жағдайда сіз туралы деректерді, мысалы, идентификациялық деректерді жинау және сақтау.
      10. Тиісті органдардан келген сұраулар мен нормативтік талаптарға жауап беру: Атқарушы органдардан немесе  өзге мемлекеттік мекемелерден келген сұрауларға жауап беру үшін сіздің жеке деректеріңізді пайдалануымыз мүмкін. Бұл, сіздің байланыс мәліметтеріңізді және/немесе Қызметтерімізді қолдануыңыз туралы ақпаратты осындай органдарға жариялауымызды немесе Қызметтерді және пайдалану арқылы құрылған жеке деректерді қолдануыңызды бұғаттауды, үзуді немесе оған өзге түрде кедергі жасауымызды қажет етуі мүмкін.
  6. БҰЛ ҚОЛДАНЫСТЫҢ ДӘЙЕГІ НЕ?
    1. Еуропа одағында сіздің жеке деректеріңізді өңдеуіміздің дәйегі (немесе заңды негізі) ақпараттың өзіне, жеке деректердің субъектісімен қарым-қатынасымызға, қамтамасыз етілген Қызметке, Қызметтер қамтамасыз етілген елдің белгілі бір заңды және нормативтік талаптарына немесе өңделген жеке деректерге, сондай-ақ, көптеген басқа факторларға қарай әртүрлі болады. Белгілі бір елдердегі өзгерістерді ескере келе, деректерді өңдеудің заңды негіздері келесідей:
      1. Сізбен, жеткізушілермен мен бизнес-серіктестермен жасалатын транзакцияларға қатысу, сізбен хабар алмасу, төлемдерді өңдеу және Қызметтерге қатынасуыңызға рұқсат беру мақсатында сізбен келісімшарт жасау немесе оны жүзеге асыру үшін сіз туралы ақпаратты қажетті деңгейде өңдеуіміз қажет.
      2. Біз жеке деректерді қажет болғанда және біздің сайттарымызда көрсетілгендей немесе сіздің жеке деректеріңіз жиналған уақытта немесе өнімдеріміз бен қызметтеріміздің маркетингі және оларды ілгерілету жөніндегі заңды мүддемізге сәйкес немесе оларды жақсарту не жетілдіру мақсатында сіздің келісіміңіздің негізінде маркетинг және сату шаралары үшін өңдейміз.
      3. Біз өзіміздің Қызметтерімізді талдау, жетілдіру, жақсарту және оңтайландыру, сондай-ақ, желіміз бен жүйелеріміздің қауіпсіздігі мен бүтіндігін сақтау мақсатында ақпаратты өңдеу кезінде өзіміздің заңды мүдделерімізге сүйенеміз. Сондай-ақ, заң талаптарын сақтау, сәйкестік, нормативтік және зерттеу мақсаттарына байланысты сіздің жеке деректеріңізді қажетінше қолдануда заңды мүддеміз бар.
      4. Қолданыстағы заңдар (соның ішінде, телекоммуникациялар туралы заңдар), нормативтер немесе қоғамдық мүдделер құқықтық процедураларды сақтауымызды, атқару не реттеу органдарының талаптарын орындауымызды немесе қылмыстың алдын алуға, оны анықтауға не қудалауға көмектесуімізді талап етеді.
      5. Егер сіз сұралған қандай да бір ақпаратты бермей қалсаңыз, сізге белгілі бір қызметтерді немесе функцияларды қамтамасыз ете алмауымыз мүмкін.
    2. Өзіміздің заңды мүдделерімізге сүйену: Біз жоғарыда сипатталған заңды мүдделеріміздің негізінде атқарылатын дерек өңделімі  үшін теңгеру тестілерін орындадық. Теңгеру тестілері туралы ақпаратты осы Саясатта көрсетілген мәліметтер бойынша бізбен байланысу арқылы алуыңызға болады.
    3. Барлық басқа елдерде (Еуропа одағы мен Еуропа одағының талаптарына ұқсас талаптары болған юрисдикцияларда) сіздің жеке деректеріңізді өңдеу дәйегіміз сіздің келісіміңізге және Қызмет көрсету шарттары мен осы Саясатқа негізделеді.
  7. СІЗ ТУРАЛЫ ЖИНАЙТЫН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ БІЗ ҚАШАН БӨЛІСЕМІЗ
    1. Кейбір юрисдикцияларда сіздің келісіміңізді алу қажет болуы мүмкін болғандықтан, жоғарыда сипатталған мақсаттарда және төменде көрсетілгендей қажетті шамада сіздің жеке деректеріңізді бөлісуіміз немесе жариялауымыз мүмкін:
      1. Филиалдар. Сізден жинаған ақпаратты филиалдарымызға жариялауымыз мүмкін. Заңға сәйкес рұқсат етілген жағдайларда және қажет болған кезде сіздің келісіміңізбен біздің филиалдарымыз сіздің ақпаратыңызды осы құжатта көрсетілген мақсаттарда, соның ішінде сізге өздерінің өнімдері мен қызметтерінің маркетингін жасау үшін қолдануы мүмкін. Сіздің жеке деректеріңізді өңдеген кезде біздің филиалдарымыз кем дегенде осы Саясатта сипатталғандай қорғаныс тәжірибелерін ұстанады. Филиалдарымыздың тізімі мұнда қолжетімді.
      2. Қызметтеріміздің интеграциясы. Біздің Қызметтеріміз JLR арқылы ұсынылады. Сондықтан, сізге Қызметтерді қамтамасыз етуімізге көмектесу үшін сіздің жеке деректеріңізді олармен бөлісуіміз қажет. Сондай-ақ, сізге Қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында сіздің жеке деректеріңізді жүйе интеграторлары, JLR бөлшек сауда уәкілдері, желі серіктестері болып табылатын компаниялармен бөлісуіміз мүмкін.
      3. Үшінші тараптық қызмет жеткізушілері.Біз Қызметтердің қамтамасыз етілуіне қажет болған функцияларды орындау үшін немесе жоғарыда сипатталған мақсаттарда өзге компаниялар мен жеке тұлғаларды жалдаймыз. Мысалдар келесілерді қамтиды: Қызметтерімізге қатынасуыңызға рұқсат беру, деректерді талдау, тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару және біздің атымыздан функцияларды орындайтын желі серіктестерін, мердігерлерді немесе агенттерді жұмылдыру үшін хабарламалар жіберу, төлемдерді өңдеу, несие және сәйкестік тәуекелдерін бағалау. Бұл үшінші тараптар Қызметтерімізді қамтамасыз ету немесе сіздің сұрауларыңызды не тапсырмаларыңызды орындау, қызметті/тапсырысты жүзеге асыру, тұтынушыларға қызмет көрсету және төлемдерді жасау үшін және тағы басқа мақсаттарда қажет болған жағдайда сіздің жеке деректеріңіз жарияланатын өзге операторларды немесе провайдерлерді де қамтиды. Бұл үшінші тараптық қызмет жеткізушілерінде өздерінің функцияларын орындауға қажет болған жеке деректерге қатынасу рұқсаты бар, бірақ сіздің жеке деректеріңізді біздің атымыздан өңдеген кезде оларды өзге мақсаттарда қолдана алмайды. Сіздің жеке деректеріңізді үшінші тараптармен бөліскен кезде үшінші тараптық келісімшарттардың сіздің жеке деректеріңіз үшін қорғаныс шараларын қамтуын қамтамасыз ету үшін тиісті қадамдарды орындаймыз.
      4. Бизнестің тасымалдануы. Егер бізді қандай да бір басқа компания сатып алса немесе қандай да бір компаниямен біріксек немесе егер іс жүзінде біздің активтеріміздің барлығы басқа компанияға тасымалданса (банкроттық процедурасының аясында орын алуы мүмкін), сіздің жеке деректеріңізді басқа компанияға тасымалдауымыз мүмкін. Сондай-ақ, сіздің жеке деректеріңізді кез келген осындай сатып алудан немесе бірігуден бұрын, мысалы кеңесшілерімізге және кез келген ықтимал сатып алушының кеңесшісіне жариялауымыз қажет болуы мүмкін.
      5. Құқықтық қорғаныс және сот процесіне жауап ретінде. Сізден жинайтын ақпаратты (i) қолданыстағы заңды, сот процесін, сот бұйрықтарын немесе өзге заң талаптарын орындау үшін немесе (ii) өз құқықтарымызды, сіздің қауіпсіздігіңізді немесе өзгелердің қауіпсіздігін қорғау, алаяқтықты зерттеу немесе мемлекеттік сұрауларға, соның ішінде өзіңіз тұратын елден тыс болған мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап беру, ұлттық қауіпсіздік және/немесе құқық қорғау мақсаттарында ашу қажет деп адал ниетпен санаған кезде жариялауымыз мүмкін. Жоғарыда белгіленгендей, егер өзімізді міндеттіміз деп адал ниетпен санасақ және егер қоғамдық мүддеміздің болуына негізді себептеріміз болса немесе қолданыстағы заңдарға сәйкес коммерциялық, қаржылық, құқықтық, беделімізге қатысты немесе өзге заңды мүдделерімізді қорғау үшін қажет болған жағдайда, сізден біз жинайтын жеке деректер жоғарыдағы мақсаттарда мемлекеттік органдардың немесе атқару органдарының уәкілетті тұлғаларымен бөлісілуі мүмкін.
      6. Біріктірілген және деидентификацияланған ақпаратты бөлісу. Сіздің жеке деректеріңізді, үшінші тараптармен бөлісуіміз мүмкін болған біріктірілген және анонимді етілген ақпаратты құру үшін қолдануымыз мүмкін. Сол анонимді етілген ақпарат бойынша сізді ешкім анықтай алмайды. Өзге жағдайларда сіздің жеке деректеріңізді қандай да бір үшінші тараппен бөлісуден бұрын оларға лақап ат беруіміз мүмкін, солайша ақпарат өңделіп, бізге қайтып оралған кезде сізді онымен қайта байланыстыра алатын боламыз. Үшінші тарап сізді лақап ат  берілген ақпараттан анықтай алмаса да, біз әлі де оны жасай аламыз. Біз лақап ат берілген деректерге жеке деректер ретінде қараймыз және үшінші тараптармен бөліскен кезде оларға бірдей қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеміз.
      7. Тек тиісті юрисдикциялар үшін (мысалы, Жапония немесе Қытай); сіз осымен сіздің деректеріңізді үшінші тараптармен немесе осы бапта тізімделген үшінші тарап санаттарымен бөлісуімізге келісім бересіз.
  8. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ
    1. Кейбір юрисдикцияларда қажет болатындай, сіздің келісіміңізді алу шартымен, Tata Communications жеке деректерді ұлттық шекарадан тыс тасымалдауы мүмкін. Мұндай кезде сіздің жеке деректеріңіз өзге Tata Communications тұлғаларына және/немесе оған қатысты болмаған үшінші тараптарға тасымалданып, солар тарапынан өңделуі мүмкін.
    2. Барлық Tata Communications тұлғалары Еуропа одағынан тыс жерлерге немесе қолданыстағы заңға сәйкес тиісті қорғаныс деңгейлерін қамтамасыз етпейтін юрисдикцияларға жеке деректерді тасымалдау үшін қолданылатын топішілік келісімге қол қойды. Филиалдарымыздың және олардың орналасу мекенжайларының тізімі мұнда.қолжетімді.Бұл Келісім ЕО комиссиясының стандартты келісімшарт баптарына негізделген (және сол бойынша, келісімшарт негізінде, ЕО аймағында ұсынылатын жеке деректердің қорғаныс стандартына балама болып табылатын қорғаныс стандартын орнатады). Осылайша, сіздің жеке деректеріңізді әлем бойынша қандай да бір филиалымызға тасымалдаған кезде жеке деректеріңіз үшін тиісті қорғаныстарды қамтамасыз етеміз. Бұл баптардың көшірмесін бізбен байланысу арқылы алуыңызға болады. 
    3. Сіздің жеке деректеріңізді Tata Communications тобына қатысты болмаған өзге тараптармен бөліскен кезде осындай барлық тараптардан сол жеке деректердің қауіпсіздігін сақтауды және оларды деректерді қорғау жөніндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануды талап етеміз. [Тек Үндістан үшін: Сондай-ақ, біз үшінші тараптардың кемінде біз қамтамасыз ететін деректер қорғанысының бірдей деңгейін сақтайтынына кепілдік береміз.] Егер біз өзіміздің атымыздан жеке деректерді өңдеу үшін үшінші тараптық қызмет жеткізушілерін жалдасақ, оларға сол жеке деректерді өздерінің жеке мақсаттарында қолдануына рұқсат етпейміз және оларды тек біздің белгіленген мақсаттарымызда және біздің нұсқауларымызға сәйкес өңдеуіне рұқсат етеміз. Мұндай өңдеуші қарым-қатынастарын бастаған кезде жеке деректерге және жеке деректерді тасымалдайтын және алатын елдерге ең көп сәйкес келетін деректерді тасымалдау механизмінің көмегімен сіздің жеке деректеріңіз үшін тиісті қорғаныс шараларының қабылдануын қамтамасыз етеміз. Егер заңға сәйкес рұқсат етілген болса, бұл механизм келесілерді қамтуы мүмкін: ЕО тарапынан бекітілген келісімшарт баптарының қолданылуы; алушының ЕО тарапынан бекітілген, жеке деректердің тасымалдануын реттейтін Міндетті корпоративтік ережелерді енгізуін қамтамасыз ету; немесе (АҚШ-та) Құпиялылықты қорғау келісімінің  (ЕО және Швейцариялық Құпиялылықты қорғау келісімі) расталуын; немесе алушы орналасқан елдің жеке деректері үшін жеткілікті қорғаныстарды қамтамасыз етуші ел ретінде Еуропалық Одақ тарапынан ресми түрде бекітілуі. 
    4. Тек тиісті юрисдикциялар үшін (мысалы, Мексика, Ресей, Қытай және Аргентина): Егер сіздің жеке деректеріңізді үшінші елдерге тасымалдау үшін сіздің келісіміңіз қажет болса, осы Қызметтерді пайдалану арқылы сіз ашық түрде өз келісіміңізді бересіз.
  9. ӨЗІМНІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІМ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫМ БАР?
    1. Көптеген елдердің заңына сәйкес, бізде сақталатын жеке деректеріңіз бойынша белгілі бір құқықтарыңыз бар және біз осы құқықтарды құрметтейміз әрі оларды сақтаймыз. Мұндай құқықтар келесілерді қамтуы мүмкін: сіздің жеке деректеріңізді өңдеп жатқанымызды растауды сұрау құқығы, жеке деректеріңіздің (соның ішінде сіздің деректеріңізді кіммен бөлісетінімізге қатысты ақпарат) көшірмесін сұрау; жеке деректеріңіздің өңделуін түзету, жою немесе шектеу (қандай да бір белсенді өңдеу процесін тоқтату); жеке деректеріңіздің қолданылуын және ашылуын шектеу; және бізден жеке деректеріңізді телекоммуникация қызметтерінің өзге провайдері сияқты өзге тұлғамен бөлісуімізді (оларға тасымалдауымызды) сұрау (егер мұндай құқық қолданыстағы заңға сәйкес берілсе).
    2. Оған қоса, белгілі бір елдерде, кейбір жағдайларда жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіруіңізге болады (әсіресе, егер келісімшарт немесе өзге заң талаптарын орындау үшін сіздің деректеріңізді өңдеуіміз қажет болмаса немесе егер деректерді тікелей маркетинг үшін қолдансақ). Сондай-ақ, қажет болған жағдайларда, жеке деректеріңізді өңдеуіміз үшін бізге берген келісіміңізді қайтарып алуыңызға және мұндай келісімді бермеу салдарынан туындайтын нәтижелер туралы ақпаратты сұрауыңызға болады.
    3. Бұл құқықтар шектелуі мүмкін, мысалы, егер сіздің сұрауыңызды орындау өзге тұлғаның жеке деректерін ашатын болса және үшінші тараптың құқықтарын (соның ішінде, біздің құқықтарымызды да) бұзатын болса немесе егер заң бойынша сақтауымыз қажет болған не сақтау үшін негізді мүдделеріміз болған ақпаратты жоюды сұрасаңыз
    4. Осы құқықтардың қандай да бірін пайдалану, біздің құпиялылық жөніндегі тәжірибелеріміз туралы қандай да бір мәселені көтеру немесе өзге ақпаратқа қол жеткізу үшін бізбен байланысуыңызға болады, ол үшін жоғарыдағы байланыс мәліметтерімізді қараңыз. Тек Австралия үшін: Біз сіздің хабарламаңызды мұқият қарастырып, сіз хабарласқан күннен бастап 30 күн ішінде сізге жауап береміз. 
    5. Егер шешілмеген мәселелеріңіз болса, өз аймағыңыздағы деректерді қорғау жөніндегі тиісті мемлекеттік органға шағымдануға құқығыңыз бар. Алайда, мұндай шағым жасаудан бұрын бізбен байланысуыңызды өтінеміз және бізге мәселелеріңізді зерттеп, алдымен оларды шешуге мүмкіндік беруіңізді бағалаймыз. 
  10. СІЗ МЕНІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІМДІ ҚАНША УАҚЫТ САҚТАЙСЫЗ
    1. Біз сіздің жеке деректеріңізді қолданыстағы заңға, нормативке, салық немесе бухгалтерлік есеп тәжірибесіне немесе бізге қолданылуы мүмкін болған қандай да бір мемлекеттік телекоммуникация лицензияларының шарттарына сәйкес рұқсат етілетін және/немесе одан аспайтын мерзім бойы сақтаймыз. Сонымен қатар, біз жеке деректерді бізге қолданылуы мүмкін болған міндеттемелерге сәйкес жоямыз немесе анонимді етеміз.
    2. Егер ең ұзақ немесе ең қысқа  сақтау мерзімдері басқаша көрсетілмеген болса, біз келесілерді ескеру арқылы тиісті сақтау мерзімін анықтаймыз: жазбаларда қамтылған жеке деректердің көлемі, сипаты және құпиялылық деңгейі; жеке деректердің басқа тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдалану немесе жариялау қаупі; жеке деректерді өңдеу мақсаттарымыз және өзге жолдар арқылы сол мақсаттарға жете алу немесе алмау мүмкіндігіміз.
    3. Тек Қытай үшін: жоғарыдағы 7-бап бойынша сіздің жеке деректеріңіз тасымалданатын елдерде сақталуы мүмкін.
  11. ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
    1. Сіздің барлық жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтау және мұндай жеке деректерді теріс пайдаланудан, кедергіге ұшыраудан және жоғалудан, сондай-ақ, рұқсатсыз жиналудан, көшірілуден, қолжетімділіктен, өзгертілуден немесе жарияланудан қорғау үшін ойға қонымды барлық күшті саламыз.
    2. Біз сайттар арқылы өзіміз жинайтын жеке деректерді қорғауға көмектесін ойға қонымды бақылау шараларын (соның ішінде физикалық, технологиялық және әкімшілік шараларды) орнаттық. Алайда, сақтық шараларының ешбірі мінсіз емес, сондықтан өзіміз жинайтын жеке деректердің ешқашан үшінші тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылмайтынына кепілдік бере алмаймыз, мұндай нәрсе біздің ойға қонымды бақылауымыздан тыс жағдайларда орын алуы мүмкін. Біз жеке деректердің бұзылуына қатысты күдікті жағдайларды жою процедураларын белгіледік және мұндай кездерде сізді және егер міндетті болсақ, тиісті реттеу органын хабарландырамыз.
    3. Сіздің жеке деректеріңізді қорғау үшін біз белгілеген шаралар келесідей:
      1. Физикалық шаралар, соның ішінде: компьютер орталықтары мен деректерді сақтау жасақтамаларына кіру рұқсатының шектелуі;
      2. Әкімшілік шаралар, соның ішінде: деректерді қорғау жөніндегі ішкі жоспарды орындау және қызметкерлерді оқытатын жүйелі кезеңдер;
      3. Технологиялық шаралар, соның ішінде: жеке деректерді өңдеу жүйесіне қатынасуды басқару және қатынасуды басқару жүйесін орнату, сондай-ақ, қауіпсіздік бағдарламалары;
      4. Жүйе компоненттері мен жеке деректерге қатынасу рұқсаттарының барлығы тек бизнесті білуі қажет болған тұлғаларға ғана беріледі;
      5. Жеке пайдаланушыларға тек жұмысты орындауға қажетті болған ең төмен басымдылықтағы қатынасу рұқсаттары беріледі. Олар тапсырма сыныптамасы мен функциясына негізделеді;
      6. Барлық қатынасу басымдылықтары  қандай да бір қатынасу рұқсаты берілмес бұрын қажетті басымдылықты орнататын уәкілетті тұлғалар тарапынан мақұлдануы қажет; және
      7. Пайдаланушыларға жүйе компонеттеріне, жеке деректерге немесе өзге құпия деректерге қатынасу рұқсаты берілмес бұрын пайдаланушылардың барлығына бірегей идентификация тағайындалады. Қосымша түрде, барлық пайдаланушылар кемінде құпиясөзбен аутентификацияланады.
  12. ОСЫ САЯСАТҚА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

    Сіздің жеке деректеріңізді қалай қолданатынымызды әрқашан біліп жүруіңіз үшін сіздің жеке деректеріңізді қолдануымыздағы өзгерістер көрсетілетіндей етіп біз осы Саясаттың онлайн нұсқасын арасында жаңартып тұрамыз. Сондай-ақ, қолданыстағы заңда немесе нормативтік талаптарда орын алған өзгерістерге сәйкес өзгерістер енгізуіміз мүмкін. Тәжірибе жүзінде мүмкін болса, сізге айтарлықтай әсер тигізетін өзгерістер пайда болған жағдайда сайттарымызда ескертпелер жолдау немесе сізге хабарландыру жіберу сияқты өзге әдістер арқылы сізді алдын ала хабарландырамыз. Қолданыстағы заңдармен талап етілетін шамада мұндай өзгерістерді жүзеге асырудан бұрын сіздің келісіміңізді аламыз. Алайда, сіздің жеке деректеріңізді қолдануымызға енгізген өзгерістер туралы біліп жүру үшін осы Саясатты арасында тексеріп тұруға кеңес береміз.